Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында жазғы кезеңдегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тәртіп сақшылары мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының арқасында кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 30 пайызға азайып, жол-көлік оқиғалары мен зардап шеккендер саны қысқарды.