Негізгі Жаңалықтар Жаңа жыр жинақтары жарық көрді

Жаңа жыр жинақтары жарық көрді

Қостанайда белгілі қаламгер Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің жаңа кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Н. Островский атындағы Орталық қалалық кітапхана ұжымы ұйымдастырған әдеби іс-шара қала тұрғындары үшін рухани тарту болды. Кеш барысында ақынның шығармалары оқырманға таныстырылып, жас буынның өнері көпшілікке ұсынылды.


Қаламгердің төрт кітабы бір мезетте оқырманға жол тартты. Олардың қатарында балаларға арналған «Ақыл дара», нақыл сөздер топтастырылған «Көңілдегі көрік сөздер» және өзге де туындылары бар. Ақынның еңбектері тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жарық көрген. Атап айтқанда қырғыз, якут, түркімен, тәжік және әзірбайжан тілдеріне аударылған.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар