Облыс мектептері жаңа оқу жылына дайын
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары Қостанай облысында жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл өңірдегі 110 мыңнан астам оқушы мектепке барады. Білім беру нысандарын жөндеуге 5,4 млрд теңге бөлініп, медициналық пункттер де дайындалды. Сонымен қатар мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, балалардың денсаулығына қажетті жағдай жасалмақ.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы қаралды. Кеңесте мектептердің материалдық-техникалық жағдайы, жөндеу жұмыстары және оқушыларды оқу жылына қабылдау мәселелері пысықталды. Биыл облыс бойынша 110 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастайды. Оның ішінде шамамен 10 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады.