Шекара қызметіне – 34 жыл
Ел шекарасы - мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің берік қалқаны. Оны күзету – ептілікті, тәртіпті және жоғары кәсіби дайындықты қажет ететін жауапты міндет. Биыл осы маңызды қызметтің құрылғанына 34 жыл толуына орай Қостанайда салтанатты жиын өтті.
Мемлекеттік рәміздің әрбір әскери рәсімдегі орны бөлек. Оны салтанатты түрде алып жүрудің өзі әскери қызметшілер үшін үлкен мәнге ие. Мемлекеттік рәмізге деген құрмет - Отанға деген құрметпен сабақтас. Мерекелі іс-шара аясында шекара қызметінің маңызы мен әскери міндеттің мәні айтылды.