Негізгі Жаңалықтар ХҚКО: үйден қызмет алуға болады

ХҚКО: үйден қызмет алуға болады

Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға мүмкіндігі жоқ азаматтар енді мемлекеттік қызметтерді үйден ала алады. Биыл жеті айда «Дербес менеджердің мекен жайға баруы» сервисін шамамен 1,5 мың қазақстандық пайдаланған. 

Мемлекеттік қызметті үйден алу үшін азаматқа қашықтан өтініш беріп, мекен жайын көрсету жеткілікті. Белгіленген уақытта маман өтініш берушінің үйіне барып, кеңес береді, қажетті құжаттарды қабылдап, қызметті рәсімдеуге көмектеседі.Сервистің құны — 7 447 теңге. Бұл мемлекеттік баж емес, маманның үйге барып қызмет көрсету ақысы. Өткен жылы бұл қызметке 2 мыңнан астам адам жүгінген. Маманның үйге келуіне өтінішті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтындағы «Азаматтарға көрсетілетін қызметтер» «Дербес менеджердің үйге баруы» бөлімі арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, өтінішті 1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да рәсімдеуге мүмкіндік бар. Өтініш беру кезінде қажетті ақпаратты толтырып, маман баратын мекен жайды көрсету жеткілікті.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар