Қоршаған ортаны қорғау – қоғам парызы
Қостанайда жастардың экологиялық слеті өтті. 18 бен 35 жас аралығындағы жастар бірнеше күн бойы дәрістерге, экскурсиялар мен практикалық сабақтарға қатысып, экологиялық бастамалардың нақты істе қалай жүзеге асатынын көрді. «EcoZhas» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара «Таза Қазақстан» қағидатын насихаттап, жастар мен еріктілерді қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға үндейді.