Негізгі Жаңалықтар Жас инспекторлар слеті жалғасуда

Жас инспекторлар слеті жалғасуда

14- тамызда басталған жол қозғалысы жас инспекторларының XXI халықаралық слеті жалғасып жатыр. Оған Қазақстанның барлық облысынан және ТМД елдерінен келген жас инспекторлар қатысуда.

«Орлёнок» балалар сауықтыру лагерінде қатысушылар үшін танымдық және практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.Жас инспекторлар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабаққа қатысып, қажетті дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ «Велосипедті мәнерлеп жүргізу» байқауында бақ сынап, велосипедті басқару шеберлігі мен жол қозғалысы ережелерін білу деңгейлерін көрсетті.Слет бағдарламасында спорттық және мәдени іс-шаралар да қамтылған. Қатысушылар түрлі байқауларға қатысып, уақыттарын тиімді өткізіп, жол қозғалысының қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде меңгеруде.

Байқаудың жекелеген кезеңдері аяқталғанымен, слеттің жалпы бағдарламасы әлі жалғасып жатыр. Қорытынды нәтижелер іс-шара соңында белгілі болады.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар