Негізгі Жаңалықтар Тәтті өнім өндірісінің жаңа кезеңі

Тәтті өнім өндірісінің жаңа кезеңі

Қостанайда отандық кондитерлік өнеркәсіптің жаңа кезеңі басталмақ. АҚ «Баян- Сұлу» фабрикасының «Кондитерлік астана» атты жаңа технологиялық өндірістік кешені іске қосылды. Құны 14 миллиард теңгеден асатын инвестициялық жоба кәсіпорынның өндірістік қуатын ұлғайтып, ішкі нарықтағы көшбасшылық позициясын нығайтуға және экспорт көлемін арттыруға бағытталған. 

Жаңа өндірістік кешен кондитерлік фабрика маңында, Лермонтов көшесінің бойында орналасқан. Мұндағы ескі өндірістік ғимарат жаңғыртылып, оған жаңа кешен жалғастырыла салынды. Нысанның ұзындығы шамамен 200 метр, ені 30 метр. Жоба аясында қолданыстағы ғимарат қайта жаңғыртылып, жаңа өндірістік корпустар бой көтерді.  


Бөлісу

Аймақтық телеарналар