«Таза Қазақстан»: тазалық – санадан басталады
Жангелдин ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жүйелі түрде жалғасып келеді. Тұрғындар сенбіліктерге қатысып қана қоймай, түрлі мәдени, танымдық және спорттық шаралар арқылы ортақ іске атсалысуда. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру. Ауданда тазалық тақырыбы ойындар, байқаулар мен концерттік бағдарламалар арқылы да насихатталуда.