Білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар
2026-2027 оқу жылында мектеп бағдарламасына бірқатар жаңашылдық енгізу жоспарланып отыр. Өзгерістердің бір бөлігі жалпы білім беру стандартының жаңартылуына байланысты. Негізгі назар оқушының алған білімін күнделікті жағдайда қолдана білуіне және заманауи талаптарға бейімделуіне аударылмақ.
Алдағы оқу бағдарламасында цифрлық ортада оқушының өзін қауіпсіз ұстау, саналы таңдау жасау, бағдарламалау және жасанды интеллект құралдарын дұрыс пайдалану бағыттары қамтылады.