Туған күніңмен, Қостанай!
Қостанай - тарихы терең, тағдыры талай ұрпақпен сабақтасқан шаһар. Осыдан 147 жыл бұрын негізі қаланған қала бүгінде өзіндік болмысы қалыптасқан іргелі орталыққа айналды. Биылғы Қала күні де мазмұнды іс-шараларға ұласып, шаһардың орталығында мәдениет пен шығармашылықтың көрінісі жалғасты.
Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның шымылдығын «Карнавал» би ансамблі түрді. Өнерпаздар көрерменге түрлі би композицияларын ұсынып, мерекелік алаңға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бишілердің өнерінен кейін сахна балалар шығармашылығы фестиваліне - «Алтын дән» қатысушыларына берілді.