Негізгі Жаңалықтар Ән әлемінің падишасы

Ән әлемінің падишасы

Шәмші Қалдаяқовтың әні шырқалса, қазақтың көңілі тербелмей қоймайды. Оның әуені алыстан танылады, ал сөзі жүрекке жақын. Қостанайда ұлы композитордың туған күніне арналған мерекелік концерт өтіп, көпшіліктің сүйікті әндері шырқалды. Мерекелік кеш туралы толығырақ тілші сюжетінде баяндалады.

«Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың шығармалары арада қанша уақыт өтсе де, өз мәнін жоғалтқан емес. Мерекелік іс-шара Шәмші Қалдаяқовтың әуенімен жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Ел рухын асқақтатқан гимннен кейін сахна төрінде композитордың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды. Басты мақсат - сазгердің мол мұрасын ұлықтап, оның шығармашылығын кейінгі буынға дәріптеу. 



Бөлісу

Аймақтық телеарналар