Негізгі Жаңалықтар Отбасы – ел болашағының негізі

Отбасы – ел болашағының негізі

Құрылтай - ел үшін маңызды мәселелерді талқылайтын алаң ғана емес, сонымен қатар елдің ертеңін айқындайтын шешімдер үшін жауапкершілік жүктейтін маңызды жиын. Оның мәні, әсіресе, отбасы мен өскелең ұрпақ үшін айрықша. Алдағы Құрылтайдың маңызы туралы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы пікір білдірді. 

Отбасының берекесі - елдің тұрақтылығының негізі. Әр баланың алаңсыз өсіп, сапалы білім алып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуы - қоғамның ортақ міндеті. Осы ретте Құрылтайда көтерілетін мәселелердің маңызы зор. Өйткені бүгінгі қабылданған шешімдер - ертеңгі ұрпақтың тағдырына әсер етеді. 


Бөлісу

Аймақтық телеарналар