Екі күнге созылған «QOSTANAY CREATIVE CULTURE» жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Елорда төрінде өткен ауқымды мәдени алаң Қостанай өңірінің шығармашылық әлеуетін, ұлттық қолөнері мен креативті индустриясын кеңінен таныстырды. Аймақ шеберлері мен қолөнершілері жасаған заттарын халық назарына ұсынды.