Арқалық қаласында Ұлттық домбыра күніне арналған кең көлемді мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық өнердің мерейін асқақтатқан тағылымды думанға айналды. Бұл жарқын мереке халқымыздың рухани қазынасын ұлықтап, ғасырлар қойнауынан жеткен күй құдіретін кейінгі ұрпаққа дәріптеген ерекше басқосу болды. Мәдени іс-шараға мың домбырашы, 20 қобызшы қатысып, саз өнерінің алтын қорына енген 6 күйді бір мезгілде орындады.