Қостанайда полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды. Оқиға Тобыл өзенінде болған. Дәрменсіз күйге түскен азаматты жағалауда жүрген тұрғындар байқап, 102 нөміріне хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкері уақыт жоғалтпай суға түсіп, ер адамды жағаға шығарған. Кейін оған медициналық көмек көрсетілді.
Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT» -тан көріңіздер.