«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі өкілдері Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Делегация Қостанай жылу энергетикалық компаниясы мен «Қостанай-Су» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Мамандар жылу және су жүйелерінің жай-күйін, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындықты бағалады. Салада инженерлік желілердің тозуы өзекті мәселе ретінде айтылды. Осыған байланысты инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобалар қарастырылуда. «Бәйтерек» холдингі бұл бағытқа 4 миллиард теңге қаржы бөлген.
Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT» қорытынды жаңалықтарынан көріңіздер.