Жастар сарайында «Amanat» партиясының мүшелері арасында тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті. Жарыстың мақсаты - ұлттық зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау. Тартысты додаға аудан, қалалардан 30-ға жуық адам атсалысты.

Турнир қатысушысы Тұралы Орынбай тек шебер ойыншы ғана емес, сонымен қатар Б.Майлин ауданындағы мектеп қабырғасында өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулып жүрген білікті ұстаз. Ол бос уақытында балаларға тоғызқұмалақ ойнаудың қыр-сырын үйретіп, төл ойынымыздың жандануына зор үлес қосып келеді. Бұл жолы өзі қатысушы ретінде келіп отыр.

«Amanat» партиясы ұйымдастырған жарысқа партия мүшелері облыс аудандарынан арнайы келіп қатысты. Бұл жарысқа 30-дан астам адам жиналды. Жарыс партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында өтті.