Қостанайлық жас балуан Иусуф Мациевке жаңа пәтердің кілті салтанатты түрде табысталды. Бұған дейін ол ел намысын бірнеше халықаралық жарыстарда қорғап, жоғары нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы Нови-Садта өткен U23 әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған спортшы Қазақстан кубогының иегері де атанған. Енді жас балуан алдағы жарыстарда, соның ішінде Азия біріншіліктерінде ел намысын қорғауды жалғастырады.

Грек-рим күресінен Қазақстан кубогында үздік шыққан қостанайлық жас балуанға су жаңа пәтердің кілті табысталды. Спортшының еңбегін Қостанай облыстық күрес түрлері федерациясының бас демеушісі – «Alpamys Group» құрылыс компаниясы ескеріп, осындай бағалы сыйлық жасады.

6 жасынан грек-рим күресімен айналысып жүрген Иусуф Мациев 2025 жылы Нови-Садта өткен U23 әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Бүгін ол анасымен бірге пәтер кілтін алды. Пәтер Қостанайдағы «Alpamys Group» салған «Свободный» тұрғын үй кешенінен берілді.