Қостанайда жаңа автобус маршруттары іске қосылды. 4-ші және нөмірі алтыншы қоғамдық көліктер екі айға жуық пилоттық режимде жұмыс істейді. Жолаушылардың тарапынан сұраныс қаншалықты болады соған қарай кейін бағыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Нөмірі 4-ші автобус «Ұлы дала» саябағы арқылы өтіп 7, 8 және 9-шы шағын аудандар мен Әуежай, Қостанай плаза орталығын, Солтүстік батыс шағын ауданы мен Индустриялық аймақты жалғайды. Ал, 6-шы қоғамдық көлікпен Триатлон саябағына жетуге болады. Бұл автобус қаланың орталығы арқылы, облыстық ауруханаға дейін жүреді. Қостанайлықтар ұсыныстарын тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне, сол сияқты Айкөмек орталығына жібере алады.