Қостанайда өңірге инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында энергетика, логистика, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп салаларындағы бірқатар маңызды жобалар қаралды.
Жоспарланған бастамалардың қатарында жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көлік-логистикалық кешен салу, автокомпоненттер өндіру және қайта өңдеу зауыттарын іске қосу бар. Сонымен қатар астықты терең өңдеу, май экстракциялау, құс фабрикасы мен қант зауытын салу жобалары талқыланды.
Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT» қорытынды жаңалықтарынан көріңіздер.