Қостанайда жаңадан ашылған оңалту орталығында соңғы бес айда 300-ге жуық бала ем алды. Бұрын Президент резиденциясы болған ғимарат Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше қажеттілігі бар балалардың игілігіне берілген еді. Бүгінде әлеуметтік нысанға ауыл-аймақтан да келіп ем алып жатқандар бар. Жылына орталық 900 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда механотерапия, эрготерапия, емдік дене шынықтыру кабинеттері секілді процедуралардың бірнеше түрі ұсынылады. Сондай-ақ бассейн, тұз және шунгит бөлмелері арнайы жабдықталған.


Толығырақ бүгін сағат 20:30-да «ARQA AQPARAT»  қорытынды жаңалықтарынан  көріңіздер.