1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Қостанайда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Осы игі бастамаларға Қостанай телеарнасы да үн қосып, бүлдіршіндерге ерекше күн сыйлады. Журналистика мектебінің оқушылары телеарна студиясының тыныс-тіршілігімен жақын танысты. Олар камера, жарық, студия және тікелей эфирдің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көрді. Сонымен қатар, жаңалықтың қалай дайындалатынын бақылап, өздері де камера алдында сөйлеу тәжірибесін жасады.Тележурналистиканың қыр-сырына қызыққан балалар үшін бұл күн нағыз ашық сабаққа айналды.

Толығырақ бүгін 20:30-да «ARQA AQPARAT» қорытынды жаңалықтарынан көріңіздер.