Жылдың ең шуақты мезгілі - жаз да келіп жетті. Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай Қостанай қаласының орталық алаңында мерекелік іс-шара өтіп, бүлдіршіндер шаттыққа бөленді

Орталық алаңдағы мерекелік іс-шара әсем би және балалардың көтеріңкі көңіл күйімен басталды. Ән әуелеп, сурет салу бойынша түрлі қызықты байқаулар ұйымдастырылды. Тәттінің де түр түрі бар. Балақайлар асыр сала ойнап, шат-шадыман болысты.

Балаларға арналған мерекелік бағдарламаның ауқымы кең. Шара барысында бүлдіршіндерге арнап түрлі ойындар, концерттік нөмірлер мен қызықты алаңдар ұсынылды.

Алаңға келген ата-аналар мен балалар мерекелік шараға белсене қатысып, өз әсерлерімен бөлісті.

Айта кетейік, елімізде өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалып келеді. Заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салынып, инновациялық орталықтар, спорт кешендері ашылып жатыр. Көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Президент атап өткендей, мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.