Республикалық оқу-жаттығу аясында табиғи өрт туындаған жағдайда азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының қимыл-әрекетінің дайындығын арттыруға бағытталған кешенді іс-шаралар өтті. Жаттығу жоспарына сай, Алтынсарин ауданыдағы қылқан жапырақты орман алқабында өрт шығып, кейін жоғары өршіді. Қатты жел мен аптап ыстық әсерінен өрт кең ауқымда таралып, көршілес өңірлерге қауіп төндірді.
Ақпараттандыру сызбаларына сай басқару органдары жиналып, күштер мен құралдар шартты төтенше жағдай аймағына жіберілді. Далалық жағдайда практикалық іс-қимылдарды пысықтау барысында республикалық жедел штаб орналастырылды.
Авиация техникасын қолдану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығу барысында өрт ошағына суды кезектесіп төгу арқылы 5 әуе кемесінің қатысуымен каскадты өрт сөндіру әдісі көрсетілді. Мұндай жұмыс тәсілі өрт шебіне үздіксіз әсер етуді, аумақты жедел салқындатуды және оттың таралуын тежеуді қамтамасыз етті.