Бүгінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту – елдегі негізгі міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстарды қолдау мақсатында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің өкілдері Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Делегация өңірдегі стратегиялық маңызы бар коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен танысып, инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жобаларды талқылады.
Аймаққа келген «Бәйтерек» холдингінің өкілдері алдымен Қостанай жылу энергетикалық компаниясының өндірістік нысандарын аралап көрді. Мамандарға қазандықтардың жұмысы, жылу желілерінің техникалық жағдайы және алдағы жылыту маусымына дайындық барысы таныстырылды.
Кездесу барысында кәсіпорын басшылығы саланың өзекті мәселелеріне тоқталды. Бүгінде жылу желілерінің тозуы мен жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңарту қажеттілігі тұр. Осыған байланысты кәсіпорын бірқатар инвестициялық жобаларды әзірлеп, оларды қаржыландыру тетіктерін қарастыруда.