Жыл басынан бері облыста 230 келіден астам есірткі заттары тәркіленген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 есеге көп. 110-нан астам улы затты өсірген, тасымалдаған фактілер бойынша қылмыстық іс анықталды. Полиция қызметкерлері жұмысты жүйелі жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары есірткі жарнамалайтын интернет-сайттар мен телеграм арналарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Арнайы операциялар барысында ірі көлемдегі синтетикалық заттар тәркіленуде. Мамандардың айтуынша, бүгінде есірткі саудасы ұйымдасқан қылмыстық топтардың негізгі табыс көзіне айналған. Сондықтан бұл қылмыстың алдын алу үшін қоғам болып күресу маңызды.