Өңірде "WorldSkills Kostanay" кәсіби шеберлік чемпионаты қарқын алып келеді. Оның негізінде колледждер мен жоғары оқу орындарында түрлі техникалық құзыреттер бойынша жарыстар өтуде. Солардың бірі үздік электромонтаж шеберлері арасындағы дода.
WorldSkills – жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған халықаралық жоба. Додада облыс студенттері құрылғылардың ортақ электр жүйесінен қосылып-өшірілуін қамтамасыз етуі қажет. Жабдықтарды монтаждау үшін қатысушылар өздерімен әкелген жеке құралдарын пайдалануда.Ал, барлық жұмыс 14 сағат ішінде аяқталуы тиіс.
Жарысқа облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарынан 6 студент қатысуда. Олардың арасында бұрыннан тәжірибе жинақтағандар да, алғаш рет қатысып отырғандар да бар. Десекте, жігері жасымайтын жас өрендердің ынтасы мен жеңіске деген үміті жоғары.