Қазақстан мектептерінде жасанды интеллект дәуірі басталмақ! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізу жөніндегі тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл жаңалықты аймақ ұстаздары үлкен қуанышпен қарсы алды. Мәселен, Қостанай облысының мұғалімдері бұл бастама білім беру үдерісін жеңілдетіп, балалардың шығармашылық әлеуетін арттыруға жаңа серпін беретініне сенімді.