Қостанай облысында соңғы үш жылда 172 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді 🏢 Ендігі негізгі мақсат – әр үйде қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.
Бұл мәселе өңірлік форумда көтеріліп, тұрғын үйді басқарудың жаңа тәсілдері жан-жақты талқыланды. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, ашықтықты арттыру және тұрғындармен кері байланысты күшейту басты бағыттардың бірі ретінде белгіленді.
Жиында МИБ пен ПИК жұмысының тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева заңнамалық өзгерістерге тоқталып, басқару жүйесін жетілдірудің маңызын атап өтті.
Бүгінде облыста 3734 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 934-інде кондоминиум тіркелген. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы басқару органдарын қолдауға, құрылыс сапасын арттыруға және инженерлік желілерді беру процесін жеңілдетуге бағытталған.
Өңір басшысы соңғы үш жылда сайлауалды уәделердің 96%-ы орындалғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде жаңа мектептер, ауруханалар мен спорт нысандары салынды.