Қостанайда ағылшын тілі пәні оқытушыларына арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Мәдениет басқармасы мен «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы бастамашы болған басқосу барысында тіл үйретудің инновациялық тәсілдері және оқыту сапасын арттыру жолдары талқыланды.

Дәстүрлі грамматика мен жаттауға негізделген әдістердің орнын заманауи, интерактивті форматтар алмастыруда. Әсіресе, цифрлық технологиялар тіл меңгеруді бұрынғыдан да қолжетімді әрі қызықты етті. Бір ерекшелігі - теориядан гөрі практикаға басымдық берілді. Мұғалімдер нақты әдістерді көріп қана қоймай, өздері де қолданып көрді.