Қостанайда ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған тренинг өтті. Үш күнге созылған іс-шара мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттардың мән-маңызын халыққа түсінікті, нақты әрі әсерлі жеткізе алатын кәсіби мамандарды даярлауды көздейді. Оқу барысында қатысушылар заманауи коммуникация тәсілдерін меңгеріп, аудиториямен тиімді байланыс орнатудың қыр-сырын игерді.

Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Мұндай форматтағы кездесулер қоғам мен билік арасындағы ашық әрі нәтижелі байланысты нығайта түсетіні сөзсіз.