Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету. Қостанайда «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Тұрғындар адвокат, нотариус, тергеуші, сот орындаушылары мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тегін кеңес алды. Білім беру және әлеуметтік қорғау саласының мамандары да шараға атсалысып, қостанайлықтардың сауалдарына жауап берді.
Азаматтарды қабылдауды бір мезетте бір жерде барлық дерлік мемлекеттік органдар жүргізді. Әділет департаментінен бастап облыстық прокуратураға дейін. «Халық заңгері» акциясына кез келген адам қатыса алады. Тұрғындар әртүрлі мәселелермен жүгінді. Қарапайым кеңестен бастап, ұзақ уақыт шешілмей жүрген күрделі мәселелерге дейін.