Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры Қостанай сахнасында көрерменге «Сен және мен» атты әсерлі қойылымын ұсынды. Терең мазмұнға құрылған туынды қоғамдағы күрделі де өзекті мәселелерді қозғап, көпшілікке ой салды. Спектакльде басты кейіпкерлердің бейнесін актерлер шебер сомдап, әрбірінің ішкі жан толғанысын көрерменге жеткізе білді. Толығарақ әріптесім тарқатсын.
Биыл Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театры үшін мерейлі белес - ұжымның құрылғанына 55 жыл. Осы атаулы датаға орай еліміздің әр өңірін қамтитын гастрөлдік сапарды жоспарлап, өнерсүйер қауыммен жүздесуді мақсат еткен. Театр ұжымы жергілікті көрерменді қуантуды көздеп, қоржынындағы бірнеше таңдаулы қойылымдарын ала келген.