Авторлық құқық, тауар белгісі және контрафакт өнімдер - бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Қостанайлық студенттер бұл тақырып төңірегінде қаншалықты ақпараттандырылған? Осы мақсатта заң факультеттерінің студенттері бір алаңға жиналып, «Заң және тәртіп» жобасы аясында өткен зияткерлік ойын барысында өз білімдерін тексерді

Музыканы сатуға кімнің құқығы бар және автор өз туындылары арқылы қалай табыс табады? Бұл және өзге де сұрақтарға зияткерлік меншікке арналған квиз қатысушылары жауап іздеді. Өңірдің үш жоғары оқу орнының заң факультеті студенттері командаларға бөлініп, заңнаманы білу деңгейін, яғни болашақ заңгер ретіндегі кәсіби құзыреттіліктерін тексерді. Құрамалардың жұмысын облыстық прокуратура қызметкерлері мен білікті заңгер кеңесшілерден құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады.