Әлемде болып жатқан үрдістер, жасанды интеллектінің жаппай енгізілуі - ешбір саланы айналып өтпейді. Бұл Қазақстанға да, оның өңірлеріне де тікелей қатысты. Мамандар, дәл осы саладағы даму мен оны енгізу тетіктері әр өңірде өзіндік, бірегей тәсілді талап етеді, деп пайымдайды. «Qostanai Tech» фестивалі бұдан соң интерактивті және сынақ - тәжірибе алаңдарында жалғасты.

Интерактивті аймақта ақылды өндіріс 5.0, автономды жүйе және технологиялардың бірлескен әрекеті, қаланың цифрлы инфрақұрылымы және урбанистика, XR-оқу мен иммерсивті мамандықтар, болашақ экологиясы, логистика, цифрлы әлемдегі қауіпсіздік туралы мәселелер және тағы басқа тәжірибелер көрсетілді.

Сол сияқты балалар мен жасөспірімдер үшін болашақ технологиялар кеңістігі де болды. Мұнда шағын турнирлер өткізілетін киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана және робототехника аймағы құрылған. Жас буын үшін VR/AI аймағы ерекше қызығушылық тудырады, мұнда симуляциялар зертханасы ауыл шаруашылығы техникасын басқарудан бастап электр көліктерін құрастыру жұмысына дейінгі нақты өндірістік процестердің ішінде болуға мүмкіндік берді.