Қостанайда жылдың ең ауқымды іс-шарасы - ғылым мен технология, өндіріс пен жасанды интеллект тоғысқан фестиваль өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған «Qostanai Tech» фестивалі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ. Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын насихаттауды мақсат еткен жиында өңірдің индустриялық әлеуеті кеңінен таныстырылып, отандық өндірістегі озық шешімдер көпшілік назарына ұсынылды.
Ғылыми-инновациялық фестиваль цифрландыру және жасанды интеллект жылында ұйымдастырған ауқымды іс-шаралардың бірі. Оған елдің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, шетелден 10 мыңнан астам адам қатысты. Фестивальдің хэдлайнерлері қатарында ірі өндіріс орындарының, ІТ-компаниялардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері бар.