Өңірде электр желілеріндегі апат деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға төмендеген. Бұл сала кәсіпорнында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі. Атап айтсақ, «ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жаңа цифрлық диспечерлік орталық желілердегі ақауларды жедел анықтап, дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Құмар Ақсақалов БАҚ өкілдерімен бірге кәсіпорынға арнайы барып, жұмысымен танысты.

«ЭПК-forfait» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылдан бері нарықта. Компания бүгінгі күні 230 мыңнан аса жеке және 10 мыңға жуық заңды тұлғаны сапалы электр қуатымен қамтып отыр. Кәсіпорын құрылымына барлық аудан мен Қостанай қаласының электр желілері кіреді.