Жаңа Конституция – тек заңдар жинағы емес. Ол мемлекеттің рухани негізі, қоғамның бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат. Айқостанай смарт-орталығында өткен жиында бас қосқан қостанайлықтар осындай пікір білдірді. Ата Заң талқыланған іс-шараға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенат депутаттары да қатысты.

2026 жылдың он бесінші наурызы күнтізбеде маңызды саяси дата ретінде есте қалары сөзсіз. Дәл осы күні қазақстандықтардың 87,1 пайызы жаңа Конституцияны қолдап, өз таңдауларын жасаған еді. Ал жалпыұлттық референдумда қабылданған Ата Заң 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді.