Қостанайда жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Бозкілемге Қазақстанның 15 өңірінен және Армения, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресей елдерінен жиналған 400-ге жуық спортшы шықты.
Жасөспірімдер арасындағы жарыстың ерекшелігі – бұл жерде жеңіс қана емес, тәжірибе мен шыңдалу маңызды. Әрбір белдесудің артында жас спортшының төккен тері, күнделікті жаттығуы, бапкерлердің еңбегі жатыр. Турнирге қатысушылардың бірі – Александр Калин. Бүгінде спорт шебері атағын алған жас балуан алдағы уақытта үлкен аренада топ жаруды көздейді.