Әуезді ән, мың бұралған бишілер, ұлттық нақыштағы әсерлі қойылымдар. Облыста «Өнеріміз саған, Қазақстан!» 38-ші көркемөнерпаздар байқауы жалғасуда. Өңірдің барлық аудан-қаласын қамтитын мәдени іс-шара Сарыкөл, Қарасу аудандарында өтті. Әділқазы мүшелері жергілікті шығармашыл жандардың өнеріне баға беріп, дәстүр мен думан тоғысқан кештің куәсі болды.

Қатар тізілген киіз үй, тұлпар тізгіндеген батырлар, ұлттық ойын мен дәстүрді насихаттаған өрендер. Әділқазы мүшелерін сарыкөлдік өнерпаздар дәл осындай көрініспен қарсы алды. Мәдениет үйінің ауласында бір мезетте ұршық иіріліп, ән айтылып, театрландырылған қойылым қойылып жатты.