«Өнерім саған, Қазақстан». Бұл туған елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттайтын ерекше көркемөнерпаздар фестивалі. Бұл - тек байқау ғана емес, сонымен қатар достық пен бірліктің, патриотизм мен рухани жаңғырудың алаңы. Қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөліседі. Көрермендер үшін ерекше әсер сыйлаған мәдени мереке Қостанай ауданында жоғары деңгейде өтті