«Өнеріміз саған, Қазақстан! Облыс аумағын аралап жүрген мәдени-рухани іс-шара Денисов және Қостанай аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар үшін нағыз өнер мерекесіне айналды. Бұл байқау-фестивальдің негізгі мақсаты – ұлттық өнерді насихаттау, жас таланттарды қолдау және ел бірлігін мәдениет арқылы нығайту болды.