«Өнерім саған, Қазақстан» көркемөнерпаздар байқауы Бейімбет Майлин ауданы мен Лисаковск қаласында жалғасын тапты. Байқау барысында қатысушылар ән айтып, би билеп, театрландырылған көріністер қойып, ұлттық өнердің сан қырын көрсетті. Әсіресе, қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттайтын нөмірлер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.