Елдің мәдени өмірінде ерекше орны бар «Өнеріміз саған, Қазақстан!» облыстық көркемөнерпаздар байқау-фестивалі шымылдығын түрді. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан дода биыл да өңірдің шығармашылық әлеуетін паш етуде. Әрбір өлке өзіне тән менталитетімен, өнерпаздарының шеберлігімен ерекшеленіп, сахна төрінде ән мен жыр, би мен күй тоғысқан тамаша кештер өтуде. Биылғы байқаудың тақырыбы – Тәуелсіздіктің 35 жылдығы мен Қостанай облысының 90 жылдығы. Бірінші болып бастаған - Федоров ауданы
Бұл фестивальдің басты ерекшелігі – оның жанрлық әралуандығында. Бағдарлама аясында вокалдық ансамбльдер, халық аспаптар оркестрлері, би топтары, драма театрлары өз өнерлерін паш етуде. Әсіресе ұлттық мұраға негізделген қойылымдар мен фольклорлық бағыттағы шығармалар көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мәдени құндылықтарды жаңғыртуға серпін беруде.