Қостанайда танымал «SuperStar KZ» музыкалық жобасының кастингі өтті. Оған өңірдің әр түкпірінен келген жас таланттар қатысып, өз өнерлерін қазылар алқасына ұсынды. Қатысушылар ән айту шеберлігін, сахна мәдениетін және дауыс мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты. Ерекше дарынымен көзге түскен үміткерлер келесі кезеңге жолдама алды.
SuperStar KZ - Қазақстандағы таланттарды іздеуге арналған алғашқы ірі телевизиялық жобалардың бірі. Ол 2000-жылдардың басында эфирге шығып, қысқа уақыт ішінде елдегі ең танымал музыкалық бағдарламасының біріне айналды. Биыл аңызға айналған шоу араға 23 жылға жуық уақыт салып, қайтадан көрерменге жол тартпақ.