Қостанайда «Таза Қазақстан» аясында сенбілік өтті. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тазалық акциясына қатысып, тұрғындарға үлгі көрсетті. Өңір басшысы «Триатлон» саябағы мен Тобыл өзені жағалауын тазалау жұмыстарына атсалысты. Экологиялық шараға мемлекеттік қызметкерлер, түрлі ұйым өкілдері және белсенді жастар жұмылып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.
Сенбілік аясында өңірдегі абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев шаһардағы жаңа демалыс орындары мен саябақтардың құрылысы туралы баяндады.