Қостанайлық жастарға нашақорлықтың алдын алуға арналған деректі фильм ұсынылды. Прокуратура бастамашы болған туындының басты мақсаты – оқушылар мен студенттерге есірткі тұтынудың қауіпті салдарын нақты мысалдар арқылы ұғындыру. Жоспар бойынша сәуір айының соңына дейін өңірде 25 мыңнан аса жастар фильм көрсетіліміне қатысады.

Мына отырған студенттер Қостанай ауданындағы ауыл шаруашылығы колледжінің білім алушылары. Олар есірткі құрдымға құлататынын жақсы түсінеді. Оқытушылардың сөзінше, оқу ордасында ай сайын түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Ал бұл жолы ұйымдастырылған деректі фильм көрсетілімі «Заң мен тәртіп» аясында өтіп жатыр.