Қостанайда кітап оқуды насихаттауға бағытталған жобаның екі санатының ақтық кезеңі өтті. «Кітап оқитын колледж» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» жобалары білім мен руханиятты ұштастырған маңызды алаңға айналды
Кітап оқитын студенттер финалда оқыған шығармаларын жан-жақты талдап, автордың идеясын ашып, кейіпкерлердің болмысын саралады. Әдеби туындылар бойынша пікірталасқа түсіп, өз көзқарастарын дәлелмен жеткізе білді.