Арқалықта әуежай құрылысы шілде айында аяқталады. Ал бірінші тамыздан бастап алғашқы әуе рейстерін қабылдайды. Бастапқы кезеңде Астана, Қостанай және Алматы қалаларына тұрақты бағыт ашу көзделген. Аймақ басшысы моноқалаға жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

Өңір басшысы алдымен жаңғыртылып жатқан әуежайдың құрылысымен танысты. Нысан 1993 жылдан бері қаңырап бос тұрған. Ал тура бір жыл бұрын Президент тапсырмасына сай мұнда ауқымды жұмыстар басталды. Жоба құны 19,5 млрд теңге. Бүгінгі күннің өзінде мұнда терминал залының құрылысы аяқталып, ұшу-қону жолағы қайта салынып жатыр. Жоспар бойынша әуежай сағатына 70 жолаушыға дейін қызмет көрсетеді.